ХАБАРЛАМА
Құрметті жас мамандар,жұмыс іздеуші педагогтер!2024-2025 оқу жылында педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінде
« Педагогтерді жұмысқа қабылдау»модулін арқылы жүргізіледі. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде педагогтерді жұмысқа қабылдауды https://hr-nobd.iac.kz/#/sign-in
сілтемесі арқылы жүзеге асады.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ Келесі бос орындарға конкурс жариялайды:
1.Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі –1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;
2. Көркем еңбек пәні мұғалімі (қыздар тобына)– 8 сағат,уақытша қызметіне (2025 жылдың 25 мамырға дейін);
3. Көркем еңбек пәні мұғалімі (ұлдар тобына)– 8 сағат,уақытша қызметіне (2025 жылдың 25 мамырға дейін)
4.Математика пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;
5.Химия пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;
6.Химия пәні мұғалімі (қазақ тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;
7.Бастауыш сынып мұғалімі (қазақ тілді) -1 бірлік,16 сағатқа,уақытша қызметіне(2025жылдың 25 мамырға дейін)
8.Бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;
9.Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог- ұйымдастырушысы- 1 бірлік, тұрақты қызметіне;
10.Физика пәні мұғалімі (қазақ ,орыс тілді) -1бірлік,16 сағатқа уақытша қызметіне(2025 жылдың 25 мамырға дейін)
11.Биология пәні мұғалімі (қазақ тілді) -1 бірлік,16 сағатқа, уақытша қызметіне(2025 жылдың 25 мамырға дейін)
12.Тарих пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне.
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:
1. Лауазымдық жалақысы: 110000-150000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
2. Конкурсты өткізу мерзімі: 29.08.2024жылы сағат 15-00 де.
3. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы Саду Шакиров көшесі 3А «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ. Анықтама байланыс телефоны:+77264322052 Почта: mekteply@mail.ru
5.Құжаттар «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде педагогтерді жұмысқа қабылдауы арқылы жүзеге асады. Біліктілік талаптары:
Білімі жоғары (педагогикалық) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480. Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. Құжаттарды қабылдау мерзімі:14.08-22.08.2024ж