Меню KDT

logo7.png?_=1

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің  Жібек жолы мектеп-лицейі КММ
  • kz
  • ru
  • ХАБАРЛАМА

      Құрметті жас мамандар,жұмыс іздеуші педагогтер!2024-2025 оқу жылында педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінде

    « Педагогтерді жұмысқа қабылдау»модулін арқылы жүргізіледі. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде педагогтерді жұмысқа қабылдауды https://hr-nobd.iac.kz/#/sign-in

    сілтемесі арқылы жүзеге асады.

      «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ Келесі бос орындарға конкурс жариялайды:

    1.Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі –1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;

    2. Көркем еңбек пәні мұғалімі (қыздар тобына)– 8 сағат,уақытша қызметіне (2025 жылдың 25 мамырға дейін);

    3. Көркем еңбек пәні мұғалімі (ұлдар тобына)– 8 сағат,уақытша қызметіне (2025 жылдың 25 мамырға дейін)

    4.Математика пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;

    5.Химия пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;

    6.Химия пәні мұғалімі (қазақ тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;

    7.Бастауыш сынып мұғалімі (қазақ тілді) -1 бірлік,16 сағатқа,уақытша қызметіне(2025жылдың 25 мамырға дейін)

    8.Бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне;

    9.Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог- ұйымдастырушысы- 1 бірлік, тұрақты қызметіне;

    10.Физика пәні мұғалімі (қазақ ,орыс тілді) -1бірлік,16 сағатқа уақытша қызметіне(2025 жылдың 25 мамырға дейін)

    11.Биология пәні мұғалімі (қазақ тілді) -1 бірлік,16 сағатқа, уақытша қызметіне(2025 жылдың 25 мамырға дейін)

    12.Тарих пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік,16 сағатқа тұрақты қызметіне.

      КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:

    1. Лауазымдық жалақысы: 110000-150000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)

    2. Конкурсты өткізу мерзімі: 29.08.2024жылы сағат 15-00 де.

    3. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    4. Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы Саду Шакиров көшесі 3А «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ. Анықтама байланыс телефоны:+77264322052 Почта: mekteply@mail.ru

    5.Құжаттар «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде педагогтерді жұмысқа қабылдауы арқылы жүзеге асады. Біліктілік талаптары:

    Білімі жоғары (педагогикалық) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат;

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

    7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

    10) Кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

    11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480. Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:14.08-22.08.2024ж

    Ыстық тамақ

    "Жібек жолы мектеп-лицейінің" мектеп асханасындағы кезекшілік кестесі

    "Жібек жолы мектеп-лицейінің" мектеп аханасындағы кезекшілік кестесі
    03.09.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки