Меню KDT

logo7.png?_=1

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің  Жібек жолы мектеп-лицейі КММ
  • kz
  • ru
  • «Бала қауіпсіздігі басты назарда»  тақырыбындағы   ата-аналар  жиналысының  жүргізілу  тәртібі.

    Өтетін күні :       15.05.2024 жыл                                                                        

    Өтетін уақыты:  сағат: 16.00   

     Ата-аналар жиналысының мақсаты:         

         Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету. Мектептің  оқу жылындағы жұмысы, оқушылардың оқу нәтижелерімен таныстыру.

    Шақырылғандар: ата-аналар және ата-аналар комитетінің төраға мен төрайымдары, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері. Шу қалалық емханадан психологиялық- әлеуметтік көмек көрсету орталығының бас маманы Е.А.Оспанова, Шу аудандық ішкі істер бөлімі қызметкері, Шу ауданы әкімдігі қызметкері.

    Қатысушылар:  Жиналысқа шақырылғандардан мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен кеңес төрайымы Беймбетова  Гүлнар  Охасовна, мектепішілік ата-аналар төрайымы Омарбекова Азиза Шайдулиновна  мен мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және сынып жетекшілер.

    Күн  тәртібінде:

     1. 2023-2024 оқу жылының есебі және жаз мезгіліндегі оқушылардың демалысын ұйымдастыру туралы;

    Құрметті  ата-аналар!

          Бүгінгі  ата-аналар жиналысына  мектеп  бойынша  _735_  ата-ана  және заңды өкіл болса, соның  _____  қатысуда. Жиналысқа   шақырылған  қатысушылардың  жиналуына  байланысты  жиналыстың жұмысын бастауға  рұқсат  етіңіздер.

    Шақырылған қонақтар:

         Шу ауданы әкімінің орынбасары Султанбаев Найман Кенжеханұлы, Шу ауданы прокуратурасының прокуроры Әлакбаров Нұрсұлтан Берденұлы, Шу АПБ-нің бастығының кадр жөніндегі орынбасары полиция капитаны Куламанов  Жандар, Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Асқарбек Айғаным, Шу қалалық СЭС бас маманы Абласанова Зульфия Джасбуловна.

        Мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен кеңес төрайымы Беймбетова  Гүлнар  Охасовна, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Омарбекова Азиза Шайдулиновна

    Күн тәртібіндегі қарастырылатын мәселелер:

    1. мектеп  директоры Гүлбарам Қайшыбекқызына беріледі.

    Құрметті ата-аналар!

        Баяндамашыларға қоятын сұрақтарыңыз болса, ауызша немесе жазбаша берсеңіздер болады.

    Құрметті  ата-аналар, күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралды. Қаралған мәселелер бойынша шешім қабылдауды ұсынамын.

    «Жібек  жолы  мектеп-лицейінің»  жалпы  ата-аналар  жиналысы шешім  етеді:

    1. 2023-2024 оқу жылының есебі және жаз мезгіліндегі оқушылардың демалысын ұйымдастыру бойынша мектеп директорының есебі назарға алынсын;
    2. Бала қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау бойынша берілген ақпараттар  ата-аналар тарапынан назарға алынып, бақылау күшейтілсін.

    2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралар.

    Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы

        «Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала. Бала- дербес тұлға».

    Бала бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді.

      «Бала нені білсе жастан, ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр десеңізші.

      Бала тәрбиесінде мектептің атқаратын рөлі де зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын домбыраның қос ішегіндей.

    2023-2024 оқу жылының ІІ жарты жылдығы бойынша мектебімізде               40 сынып-жиынтығында 768 оқушы білім алуда. 1-4 сыныптар арасында 283 оқушы, 5-9 аралығында – 384 және 10-11 сыныптарда – 101 оқушы білім алуда. Мектеп екі аусымда оқиды.

    Сабақтың басталуы мен аяқталуы : 1 ауысым-8.00-14.45

                                                                 2 ауысым-14.00-19-45

    Мектеп оқушылары мен ұстаздардың жетістіктері.

    Пән олимпиадасы- аудандық 30 оқушы;

    Облыстық-3 оқушы

    Үйірме жетекшілері оқушыларды  ғылыми жоба байқауына дайындығы нәтижесінде - аудандық 10 оқушы

    Облыстық-7 оқушы жеңімпаз атанды.

    13 мұғалім аудан,облыс көлемінде жыл бойында іс тәжірибесін таратты.Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Кобец Н.Н., Бастауыш сынып мұғалімі Қ.Ибашева, көркем еңбек пәні мұғалімі Б.Уркимбаев,математика пәнінің мұғалімі Г.Тулегенова кәсіби байқау жеңімпаздары.

    Республикалық мұғалімдерге арналған пәндік "Пед Старт" олимпиадасынаның жүлдегерлері 17 мұғалім.

    Спорттық  жетістіктер.

    Воллейбол бойынша аудандық 10, облыстық 3 жүлделі орын.

    Баскетбол бойынша аудандық 5, облыстық 5 жүлде.

    Футболдан аудандық 3, облыстық 2 жүлде.

    Тоғызқұмалақ ойыны бойынша аудандық 4 жүлделі орын.

    Білім сапасының қорытындысы 2023-2024 оқу  жылы

    Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

    2023-2024 оқу жылының қаңтар айынан бастап жалпы тамақтанатын  оқушылар саны 296, оны ішінде 1-4 сынып оқушылары бойынша 283 оқушы, жекеленген санат бойынша 29 оқушы тамақтанады. Қазіргі таңда бір күндік ыстық тамақ сомасы  500 теңгені құрап отыр.

    Сонымен қатар оқушылар  2 аусымда тамақтанады. Оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады.Оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде сараптама комиссиясы   құрылған. Аптасына бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізеді,  оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуы қадағалауда.  Сонымен  қатар  асхана  тазалығын,  тоңазытқыштардың  дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауы бақылауда. Балалардың тамақтануы бойынша ешқандай шағым орын алған жоқ.

    Оқушылардың мектепішілік тәртіп ережелерінің ұстануы.

       Биылғы оқу жылы басында мектептің ішкі тәртіп ережесі бекітілген. Мектептің ішкі тәртіп ережесінде білім алушының күнделікті сабаққа қатысуы, себепсіз қалмауы, мектеп формасын ұстануы туралы жазылған. Алайда ережелерді бұзу фактілері оқушылар тарапынан орын алып тұрады. Қыздардың мектеп формасын ұстанбауы, боянуы, тырнақ өсіруі, балалардың себепсіз сабаққа кешігуі, қалуы дегендей. Аталған фактілер орын алған жағдайда сынып жетекші мен ата-анаға ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

          2023-2024 оқу жылында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында мектепішілік тізімде 6 оқушы.  Шу ауданы жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұрған оқушылар жоқ. 

           Қазан айының 11 күні 9 «А» сыныптың 1 оқушысы,   желтоқсан айының 7 күні мектебіміздің 10 сыныптың  5 оқушысы басқа мектептің оқушыларымен қақтығысқа түсейін дегендері үшін мектепішілік тізімге алынды. Ата- аналары мектепке шақырылып, кезектен тыс құқық кеңесінде қаралып, аталған оқушылар мектепішілік тізімге алынды. Қазақстан Республикасының № 127 бабы ата- аналық міндетін дұрыс орындамағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш,  яғни 36 мың тенге көлемінде айыппұл салынды. Аталған оқушыларға жеке папка арналып, жұмыс жоспары бойынша психологиялық түзету жұмыстары мен  профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

       Оқу жылының басынан «Отбасы-тәрбие бастауы», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптары бойынша 2 рет жалпы ата аналар жиналысы өткізілді.

        «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» бойынша  3 рет Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог мамандары және Шу қаласы әкімдігі аппаратының бас маманымен кездесулер мен пікірталастар өткізілді.

         Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын ұстану» мақсатында ұлдар мен қыздар арасында Шу қалалық емхана мамандары және СӨС мамандарымен 4 мәрте кездесу ұйымдастырылды.

          Мектеп оқушыларымен «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық пен заңбұзушылықтың алдын алу» бойынша мектеп инспекторы және Шу аудандық ішкі істер қызметкерлерімен 5 мәрте кездесу мен жиналыстар ұйымдастырылды.

            Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шу ауданы ювенальдық полиция қызметкерлерімен бірлесе  мектебіміздің ер мұғалімдері ауданнан келген кесте бойынша және мереке күндері  кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойыша аудандық рейдтік   іс-шараларға  белсене қатысып отырады. Рейдтік бақылау барысында мектеп оқушылары тіркелген жоқ.

         «Зорлық-зомбылық» және  «Буллингтің алдын алу»  тақырыбында мектеп психологтары тарапынан акциялар, танымдық сабақтар,  әр бағыт бойынша сынып сағаттары жоспар бойынша өткізілді.

          Жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  «Жолда жүру ережесі» бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 1-8 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізіліп, профилактикалық іс шаралар жоспарға сай ұйымдастырылып отырады.

    Үйірме кабинеттерінің ашылуы.

       Бүгінде туған елі, ауылының, өзі білім алған мектебінің барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Бұл – қуантарлық жайт. Мектебімізде «Жомарт түлек» жобасын іске асыру мақсатында қазан айынан мектеп ұжымы түлектерімен тығыз байланыста жұмыс жасап, нәтижесінде түлектеріміздің демеушілігімен «Шеберлер қаласы» үйірме кабинеті сонымен қатар, кәсіпкер ата-аналарымыздың демеушілігімен «Фитодизайн» үйірмесіне арналған кабинетінің ашылуы жоспарлануда.  Өздеріңізге мәлім, сиымдылығы 400 оқушы оқитын мектепте 2 ауысымда 768 бала білім алуда. Үйірме кабинеттерінің ашылуы оқушыларымыздың жан-жақты білімді, шығармашыл болып өсуіне сөзсіз септігін тигізеді деп ойлаймын. Үйірме кабинеттері 25 мамыр күні  мектеп бітіруші түлектеріміздің соңғы қоңырауы және мектебіміздің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында ашылуы көзделуде. Демеушілік көрсеткен ата-аналарға ұжым атынан алғысымды білдіремін.

    Оқу жылының аяқталуы туралы.

        Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұсымдарына сәйкес елімізде су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының ұсынысын ескере отырып, 2024 жылғы 24 мамырдағы оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде «Білімім -Отаныма» тақырыбында 1-10 сынып аралығында жалпыреспубликалық сынып сағатын өткізізіледі. 25 мамыр күні  мектеп бітіруші 11 сыныптар үшін соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтеді. Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығында өтеді деп жоспарлануда.

    Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ұйымдастырылуы.

      Мектеп жанындағы жазғы лагерь 3-28 маусым аралығында өткізіледі. 2 кезеңмен ұйымдастырылады. Алғашқы онкүндігінде 3-14 маусым аралығы бастауыш сынып оқушылары және жекелеген санаттағы (азқамтылған) балалар тамақпен қамтыла отырып сауықтандырылады. Екінші кезеңі 17-28 маусым аралығында балаллардың жазғы сауықтыру лагері тамақпен қамтамасыз етілмейді..

    Құрметті ата-аналар, жиынға қатысушылар!

       Балаларыңыздың оқуы мен тәрбиесі үшін алаңдап, немқұрайлық танытпай бүгінгі мектепішілік жиналысымызға келгендеріңізге алғыс білдіремін. Мектеп пен ата-ананың көздегені бір мақсат – тәрбиелі, білімді азаматтарды өсіру. Сол себепті ата-ана мен мектеп байланысы күшейген дұрыс.   Тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыз үміттерімізді ақтап, еліміздің беделді азаматтары болып өсуіне тілектеспін. Назарларыңызға рахмет!

    Құрметті достар! Біз, талай жыл білімді де, талантты шәкірттерін қанаттырған білім ордасы "Жібек жолы мектеп-лицейінің" жастары, сіздерді, ұлттық мерекеміз - Республика күнімен құттықтай отырып, осы ұйымдастырылған челленжді Шу аудынындағы №40 мектеп-лицейіне, Ермұхан Бекмаханов атындағы гимназиясына, Төле би атындағы орта мектебіне, Абай Құнанбаев атындағы орта мектебіне жолдаймыз

    «Бала қауіпсіздігі басты назарда»  тақырыбындағы   ата-аналар  жиналысының  жүргізілу  тәртібі.

              «Отбасы – тәрбие бастауы»  тақырыбындағы   ата-аналар  жиналысының  жүргізілу  тәртібі.

    Өтетін күні :       18.10.2023 жыл                                                                        

    Өтетін уақыты:  сағат: 17.00   

     Ата-аналар жиналысының мақсаты:         

        Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. Жасөспірімдерге қажетті психологиялық қолдау жолдарымен таныстыру. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының ұйымдастырылуымен таныстыру

    2023-2024 оқу жылының ұйымдастырылуымен таныстыру.

    Шақырылғандар: ата-аналар және ата-аналар комитетінің төраға мен төрайымдары, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері.

    Қатысушылар:  Жиналысқа шақырылғандардан мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен кеңес төрайымы Беймбетова  Гүлнар  Охасовна, мектепішілік ата-аналар төрайымы Омарбекова Азиза Шайдулиновна  мен мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және сынып жетекшілер.

    Күн  тәртібінде:

     1. 2023-2024 оқу жылының ұйымдастырылуы туралы

    Құрметті  ата-аналар!

          Бүгінгі  ата-аналар жиналысына  мектеп  бойынша  _____  ата-ана  және заңды өкіл болса, соның  _____  қатысуда. Жиналысқа   шақырылған  қатысушылардың  көпшілігі   жиналуына  байланысты  жиналыстың жұмысын бастауға  рұқсат  етіңіздер.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыруға көшеміз:

    1. сөз  мектеп  директоры Тұрлыбек  Гүлбарам Қайшыбекқызына беріледі.

    Негізгі баяндама аяқталды. Баяндамашыға сұрақтарың болса,  ауызша және жазбаша түрде  қоюға болатындығын ескертемін.

    Құрметті ата-аналар!

        Баяндамашыларға қоятын сұрақтарыңыз болса, ауызша немесе жазбаша берсеңіздер болады.

    Құрметті  ата-аналар, күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралды. Қаралған мәселелер бойынша шешім қабылдауды ұсынамын.

    «Жібек  жолы  мектеп-лицейінің»  жалпы  ата-аналар  жиналысы шешім  етеді:

    1. 2023-2024 оқу жылының ұйымдастырылуы бойынша мектеп директорының есебі назарға алынсын;
    2. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» ұйымдастырылуы бойынша ақпарат назарға алынсын;
    3. «Жасөспірімдер арасында суйцидтің алдын алу" бойынша берілген ақпарат ата-аналардың назарына алынып,  іс-шаралар жоспарға сай жүргізілсін.

    2023-2024 оқу жылының ұйымдастырылуы.

    Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы

    2023-2024 оқу жылында «Жібек жолы  мектеп-лицейі» 40 сынып-жиынтығында 770 оқушы білім алуда. 1-4 сыныптар арасында 293 оқушы,

    5-9 аралығында – 376 және 10-11 сыныптарда – 101 оқушы білім алуда. Мектеп екі аусымда оқиды. Бірінші ауысымда 26 сыныпта 465 оқушы, екінші ауысымда 14 сыныпта 302 оқушы қамтылды. 10 сыныпқа қабылдау мектеп Жарғысына сәйкес жаратылыстану-математикалық  бағытындағы бейіндік пәндері  бойынша 67 оқушы қабылданды. Жалпы лицейлік сыныптарда математика, информатика, физика, химия, жаратылыстану,биология  пәндері тереңдетіліп оқытылуда.

    Сабақтың басталуы мен аяқталуы : 1 ауысым-8.00-14.45

                                                                 2 ауысым-14.00-19-45

    Оқушылар қозғалысы

        2022-2023 оқу жылын 774 оқушымен аяқтадық. Биылғы оқу жылында келген балалар саны 37 және кеткен оқушылар 77.  1 сыныптарға 85 оқушы қабылданды, 68  қазақ сыныбына және 17 орыс сыныбында.

    Мұғалімдер саны мен санаты

    2023-2024 оқу жылында мектепте 73 педагог қызмет атқаруда. Оның ішінде Педагог шебер-12

    Педагог зерттеуші-19

    Педагон сарапшы-10

    Педагог модератор-10

    Қазіргі таңда орыс сыныптарына математика, химия пәні, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі және директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары қажеттілігі бар.

    «Жібек жолы» мектеп- лицейінің әлеуметтік паспорты

    Әлеуметтік санаттар

    Саны

    Барлық оқушылар

    770

    Отбасы түрі бойынша :

    1

    Толық отбасынан шыққан оқушылар

    699

    2

    Толық емес отбасыдн шыққан оқушылар

    Оның ішінде:

    71

    3

    Ажырасқан отбасы оқушылары

    48

    4

    Анасы жоқ балалар

    8

    5

    Әкесі жоқ балалар

    15

    6

    Көп балалы отбасыдын шыққан оқушылар

    287

    7

    Аз қамтамасыз етілген отбасы

    27

    8

    Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

    -

    9

    Мүгедек балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар

    1

    10

    Азаматтығы жоқ білім алушылар

    -

    11

    Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын білім алушылар

    -

    12

    Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар

    -

    13

    Мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар

    2

    Ата-аналарының білімі:

    1

    Жоғары, жоғары білімнен кейінгі

    800

    2

    Техникалық және кәсіптік

    480

    3

    Орта

    237

    Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

    2023-2024 оқу жылында бастауыш сынып оқушылары толығымен  жергілікті бюджет есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. 1-4 сынып аралығында  1 ауысымда – 177 оқушы, 2 ауысымда – 116 оқушы бекітілген кестеге сәйкес ұзақ үзіліс кезінде тамақтанады. Мектеп асханасына жаз мезгілінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады.Оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде сараптама комиссиясы   құрылған. Аптасына бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізеді,  оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуы қадағалауда.  Сонымен  қатар  асхана  тазалығын,  тоңазытқыштардың  дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауы бақылауда. Балалардың тамақтануы бойынша ешқандай шағым орын алған жоқ.

    Оқушылардың мектепішілік тәртіп ережелерінің ұстануы, сабаққа қатысуы мен кешігу мәселелері.

       Мектебімізде балалардың сабаққа қатысуы күнделікті қатаң бақылауда. Мектеп әкімшілігі екі ауысым барысында да оқушылардың сабаққа уақытылы келуі мен мектеп формасының ұстануын тексереді. Балалар денсаулығына байланысты сабақтан қалып жатады, ондай оқушылардың анықтамалары бар. Алайда, отбасылық жағдаймен т.б. себептермен сабақтан қалып жатқан оқушыларымыз да бар. Балаларды себепсіз сабақтан қалдырмау, уақытылы мектепке жіберу ата-ананың міндеті екенін естеріңізге саламыз. Сабаққа кешігу мәселесі де басты назарда тұр. Қыркүйек –қазан айында  сабаққа жиі кешіккен оқушылар.  (Кесте слайдта)

    Р/с

    Оқушының аты-жөні

    сыныбы

    1

    Ахунбаев  Мухаммад

    8 «В»

    2

    Ерік  Айбар

    9 «А»

    3

    Сулейменов Ислам

    9 «А»

    4

    Құдайберген Ерке

    9 «Ә»

    5

    Аруланұлы Али

    9 «Б»

    6

    Жанбырбай Жанерке

    10 «А»

    7

    Шабденбек М

    10 «Ә»

    8

    Нарыш Разия

    10 «Б»

    9

    Меркебай А.

    10 «Б»

    10

    Аскербек М.

    10 «Б»

    11

    Ахунбаев И.

    10 «Б»

    Сыныптар бойынша кешігушілік динамикасы:

    Құқық бұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру үшін мектепте 56 бейне бақылау жұмыс істеп тұр. Қыркүйектен бастап оқушылардың жоғалған телефондары, киімдері табылған жағдайлар болған. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес  оқушыларға мектепке бағалы заттар, әшекей бұйымдар, ақшалай қаражат әкелуге тыйым салынады және жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты емес екенін ескеріңіздер.

         Биылғы оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектепке турникет орнатылды. Мектеп қызметкерлері мен оқушылардың барлығы жүйеге енгізіліп, турникет арқылы мектепке кіріп шығады. Оқушылардың мектепке келген-кеткен уақыты видеорегистратор арқылы тіркеліп отырады.Сонымен қатар барлық өрт қауіпсіздік жүйесі толық жаңартылып, басқару түймесі және дабыл түймесі (тревожная кнопка) кіреберіске орналастырды.

       Әр жиналыста қозғалатын мәселелердің бірі – оқушылардың сыртқы келбеті. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2016 жылғы №26 бұйрығына өзгерістер енгізілген 07.08.2023 № 250 бұйрығына сәйкес мектеп фомасына қойылатын талаптар:

      Ұлдардың мектеп формасы:

          пиджак, жилет, шалбар, мерекелік ақ жейде, күнделікті ақ жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар классикалық үлгіде еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады

       Қыздардың мектеп формасы:

          пиджак, жилет, юбка(тізеден жоғары емес), классикалық шалбар, классикалық ақ жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар классикалық үлгіде еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

        Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

        Жиналыс сайын айтылса да, оқушылардың мектепке джинсы, қысқа юбка кию, оверсайз киімдермен келуі тоқтамады. Өткен жылға қарағанда биылғы оқу жылында қыздардың бояну, тырнақ өсіруі азайғанымен толықтай мәселе шешілген жоқ. Қыз балаларын сабаққа жібергенде киім киюіне назар аударуларыңызды сұраймын.

      Биылғы оқу жылында түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз сыртта жүріп, полиция қызметкерлеріне тап болу нәтижесінде 2 оқушы мектепішілік есепке алынды. Аудандық ИДН тізімінде тұрған оқушылар жоқ.

    Мектеп дәретханаларының жай-күйі туралы

           Мектеп-лицей   ғимаратында    барлығы  8  дәретхана   бар.  7   дәретхана  бір  көзді (очко). 1  дәретхана  үш  көзді – қыздарға арналған (очко), 1 дәретхана 2 көзді-ұлдарға  арналған.  Барлық дәретханалар жұмыс бабында. Биылға оқу жылында ата-аналар комитеті төрайымының демеушілігімен мектептің ескі ғимаратында бастауыш сынып ұлдарына арналған 1 дәректхана іске қосылды.

    Жылу жүйесінің жұмысы туралы

                Мектептің  жылу  жүйесі  орталықтандырылған  жылыту  жүйесіне  қосылған.

             Кабинет температурасы бүгінгі күнге 23-250 С, дәліз температурасы 20-220С көрсетіп тұр. Әр кабинеттерде термометр орналастырылған, жылу температурасын белгілейтін журнал бар. 

    Өткен оқу жылында мектебімізде жалпы аумағы 52 кв-ға тең 19 терезе ауыстырылды. Биылғы оқу жылына мектебіміздің барлық терезелері толық ауыстырылды. Жылу жүйесіне байланысты 28 кран ауыстырылды.Бұл, өткен жылғы қыс мезгілінде оқу кабинеттерінің суықтығына байланысты туындаған проблемаларды шешеді деген ойдамыз.

    Жарықтандыру мәселесі

             Мектеп іші және мектеп аумағы толық жарықтандырылған. Жалпы  мектеп  аумағында 20 прожектор бар, соның 14 жұмыс істеп тұр, 6-на ауданға сұраныс берілген. Мектептің кіреберісіне 2 прожектор орналастырылған.

    Спорт алаңы

    Байқағандарыңыздай, биылғы оқу жылы жақсы жаңалықтармен басталып  жатыр. Оқушыларға дене шынықтыру сабағын тиімді ұйымдастырып, балалардың спортқа қызығушылығын арттыру үшін мектеп тарапынан қала әкімшілігіне жасалған өтініші жерде қалмай, мектеп алдынан спорт алаңы соғылып жатқаны өздеріңізге белгілі. Алаңның жөндеу жұмыстары жақыр арада аяқталып, "Республика күні" қарсаңында ашылуы жоспарда.

    Демеушілік көрсеткен ата-аналар.

            Мектебіміздің көркейіп, материалдық базасын нығайтуға өзінің септігін тигізіп жүрген ата-аналарға алғысымды білдіремін. Атап өтсем,

    жомарт ата-анамыз Омарбекова Азиза Шайдулиновна (ескі ғимарат дәретханасы)

          Асылжан Оразханұлының демеушілігімен спорт залға 4 прожектор алынды.

          Беймбетова Гульнар Охасовна, Мурзабекова Асима Макулбековна, Азиза Шайдулиновнаның демеушілігімен акт залына арналған гүлдер, бағандарға арналған сәндік гүлдер жаңартылды.

          Биылғы 11 бітіруші оқушыларымыздың ата-аналарының демеушілігімен мектеп ауласына салтанатты жиындарға арналған оюлы газон мен гүлдер бағаны алынды.

    Құрметті ата-аналар, жиынға қатысушылар!

        Уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіне немқұрайлық танытпай бүгінгі жиынға келгендеріңізге алғыс білдіремін. Барлығымызда көздегеніміз бір мақсат - балаларымыздың білімді және  тәрбиелі азамат болып өсуі. Осы тұста оқушы – ата-ана – мектеп деген үштік одағының жұмысын нығайса деген тілегім бар.  Тәрбиелеп жатқан балаларымыздың жақсылығы мен бақытына бөленейік!  Назарларыңызға рахмет!

    Құрметті достар! Біз, талай жыл білімді де, талантты шәкірттерін қанаттырған білім ордасы "Жібек жолы мектеп-лицейінің" жастары, сіздерді, ұлттық мерекеміз - Республика күнімен құттықтай отырып, осы ұйымдастырылған челленжді Шу аудынындағы №40 мектеп-лицейіне, Ермұхан Бекмаханов атындағы гимназиясына, Төле би атындағы орта мектебіне, Абай Құнанбаев атындағы орта мектебіне жолдаймыз

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки